2014 жылғы 21 қаңтар, Астана қаласы
Ауыл шаруашылығындағы механикаландыру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, бұйырамын:
1. Ауыл шаруашылығындағы механикаландыру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Егіншілік департаменті (А.А. Буць) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков.
Келісілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова ____
2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/50 бұйрығымен бекітілген
Ауыл шаруашылығындағы механикаландыру бойынша қызметтегі кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылығындағы механикаландыру бойынша қызметтегі кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС):
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;
4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;
2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.
4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – жұмысшының нақты түрін орындауда кәсіби дайындық деңгейі;
2) біліктілік деңгейібілікті деңгейі – орындалатын жұмыстардың жауапкершілігін, өзгешілігін және қиындығын бейнелейтін қызметкер біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар ;
3) еңбек заттары – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған заттар;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;
7) кәсіби қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт – кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
9) кәсіби стандарт бірлігі – кәсіби стандарттың еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі;
10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;
12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
13) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
14) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиыны;
15) салалық біліктілік шеңбері – салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
17) функционалдық карта – бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 01 Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну, еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар.
6. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіби саласының) негізгі мақсаты: ауыл шаруашылығын заманауи техника және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
КС ауыл шаруашылығын механикаландыру кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.
Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:
тұқым тазарту көлігінің машинисті;
тұқым өңдеу көлігінің машинисті;
ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь;
ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеуші;
мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы;
жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигі;
дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинисті.
3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Тұқым тазарту көлігінің машинисті
8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4.
9. Лауазымның мүмкін атаулары: тұқым тазарту көлігінің машинисті, ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті.
10. «Тұқым тазарту көлігінің машинисті» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: тұқым тазарту көлігіне қызмет көрсету.
11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
12. Тұқым тазарту көлігінің машинистінің еңбек шарттары, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
13. Тұқым тазарту көлігінің машинисті орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
14. Тұқым тазарту көлігінің машинисті орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
15. Тұқым тазарту көлігінің машинистінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.
2-параграф. Тұқым өңдеу көлігінің машинисті
16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4.
17. Лауазымның мүмкін атаулары: тұқым өңдеу көлігінің машинисті, ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті.
18. «Тұқым өңдеу көлігінің машинисті» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: дәнді қайта өңдеу.
19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
20. Тұқым өңдеу көлігінің машинистінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
21. Тұқым өңдеу көлігінің машинисті орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
22. Тұқым өңдеу көлігінің машинисті орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
23. Тұқым өңдеу көлігінің машинистінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.
3-параграф. Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь
24. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 1-4.
25. Лауазымның мүмкін атаулары: ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь.
26. «Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: құрал-жабдықтарды бақылау, монтаждау, қызмет көрсету және жөндеу.
27. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
28. Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
29. Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарі орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
30. Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарі орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
31. Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5, 6, 7, 8-кестелерінде көрсетілген.
4-параграф. Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеуші
32. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4.
33. Лауазымның мүмкін атаулары: ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеуші.
34. «Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеуші» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: ауылшаруашылық көліктерінің қарапайым, орташа күрделі, күрделі тораптар мен агрегаттарын жөндеу, тексеру, реттеу.
35. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 5-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
36. Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
37. Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеуші орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 5-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
38. Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеуші орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 5-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
39. Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеушінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.
5-параграф. Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы
40. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-4.
41. Лауазымның мүмкін атаулары: мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы.
42. «Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: мал шаруашылығындағы механизациялау жұмыстары.
43. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 6-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
44. Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 6-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
45. Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 6-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
46. Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 6-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
47. Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторының құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 6-қосымшасының 5, 6, 7-кестелерінде көрсетілген.
6-параграф. Жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигі
48. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5.
49. Лауазымның мүмкін атаулары: жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигі.
50. «Жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигі» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және тиеуші көліктердің бекітілген топтарын уақытылы жөндеу.
51. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 7-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
52. Жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 7-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
53. Жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигі орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 7-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
54. Жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигі орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 7-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
55. Жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 7-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.
7-параграф. Дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинисті
56. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-3.
57. Лауазымның мүмкін атаулары: дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинисті.
58. «Дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинисті» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: ішкі қойма стацианарлық механизмдерді, астық тиеушілерді, акумуляторлық автотиеушілерді, инерциондық вагон тиеушілерді басқару.
59. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 8-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
60. Дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинистінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 8-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
61. дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинисті орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 8-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
62. Дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинисті орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 8-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
63. Дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинистінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар осы КС 8-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.
4. КС әзірлеушілері
64. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.
65. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 9-қосымшасында көрсетілген.
Ауыл шаруашылығындағы механикаландыру бойынша қызметтегі кәсіби стандартының 1-қосымшасы
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с Қызмет түрі атауы Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы 01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы СБШ біліктілік деңгейлері
1. Ауыл шаруашылығын механикаландыру Тұқым тазарту көлігінің машинисті, ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті Тұқым тазарту көлігінің машинисті, ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті 3-4
2. Ауыл шаруашылығын механикаландыру Тұқым өңдеу көлігінің машинисті
Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті Тұқым өңдеу көлігінің машинисті
Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті 3-4
3. Ауыл шаруашылығын механикаландыру Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь 1-4
4. Ауыл шаруашылығын механикаландыру Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеуші Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларын жөндеуші 3-4
5. Ауыл шаруашылығын механикаландыру Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы 2-4
6. Ауыл шаруашылығын механикаландыру Жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигі
Техник-механик Жүкті ауыстырып тиеуші көліктердің механигі
Техник-механик 4-5
7. Ауыл шаруашылығын механикаландыру Дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинисті Дәнді дақылдарды тиеуші-төгуші көліктердің машинисті 2-3
Ауыл шаруашылығындағы механикаландыру бойынша қызметтегі кәсіби стандартының 2-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)
Базалық топ 6111Тұқым тазарту көлігінің машинисті
Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)
Шығарылым, БТБА тарауы 64-шығарылым, Өсімдік, су және орман шаруашылығындағы жұмыстарды жалпы механикаландыру
БТБА бойыншакәсібі Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті
СБШ біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар
3 3-5
4 6
2-кесте. Тұқым тазарту көлігінің машинистінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, машина-тракторлық станциясы
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Жоқ
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі
3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту) Талап етілмейді
4 Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе 3-деңгейдегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
3-кесте.
Тұқым тазарту көлігінің машинисті орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функ-цияларының шифры Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)
1 Арнайы құрылғыларда дәнді, бұршақты, шөп, қызанақ, зығыр, сора, зәйтүн, көкөніс және өзге де дақылдарды қоспалардан тазарту үрдісін жүргізеді; өнімді біртекті етіп береді
2 Өндірілетін дәнді дақыл, тұқым және қоспалардың құрамына байланысты елеуішті таңдауды жүзеге асырады, тазартылған дәндерді түсіреді және оны ары қарай өңдеуге апарады; қалдықтарды реттейді
3 Құрал-жабдықтарды жуады, тазартады, майлайды; құрал-жабдықтар жұмысындағы ұсақ ақауларды жояды, өнімнің санын есепке алады
4-кесте. Тұқым тазарту көлігінің машинисті орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функ-цияларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер
(еңбек іс-әрекеттері)
1 Тұқым Тұқым тазартқыш машиналар, өлшенетін сыйымды ыдыстар 1-1) Тұқымдардың барлық түрлерін тазартуды жүргізу, өнімді бірқалыпты етіп беру
2 Елеуіш, құрал-жабдықтар, өнім, тазартылған тұқым, қалдықтар Қол еңбегі, мазут, шағын ақауларды жоюға арналған жабдықтар, түсіруге арналған жабдықтар, шөгінді камералар, жөнелтім тасымалдаушысы 2-1) Елеуішті іріктеуді жүзеге асыру, құрал-жабдықтардың ахуалын бақылау, тазартылған тұқымдарды түсіру, тасымалдау, қалдықтарды таңдау
3 Құрал-жабдық, өнім Ұсақ ақауларды жоюға арналған құралдар 3-1) Құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсету
3-2) Өнім санын есепке алу
5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі тұқым тазарту көлігінің машинистінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Жұмыс үдерісінің жобалауы кіретін орындалу қызметін білу, бекітілген нормалардан ауытқу болған жағдайда кәсіби қызметінің үдерісін жақсарту үшін идеялар ұсынады Жоба мен жұмысты салыстыруы, жобаланған нәтиже және алынған нәтиженің сапа нормаларымен сәйкес болуын қамтамасыз етуі мүмкін
Еңбек қызметінде қолданылатын
құралдарды және құрал-жабдықтарды, материалдарды қолдану, техникалық қызмет көрсету, орын алмастыру, сақтау және қоймаға қою
негізгі қағидаларын білу
2-1) Басшылықпен еңбек қатынастарын орнатады және оған есептік деректерді ұсынады,
белгілі бір тапсырмаларды орындау кезінде өз денсаулығы және қауіпсіздігі, өзгелердің денсаулығы және қауіпсіздігі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты Практикалық міндеттерді орындауды, тұқымдарды түсіру және тасымалдау бойынша дағдыларды білу, қарапайым өндірістік жағдайларда әрекеттерді өзіндік бағалау, өзіндік анықтау, өзіндік ұйымдастыру және түзету дағдыларын көрсетеді Заттарды түрлендіру технологиясын, еңбекті жоспарлауды және ұйымдастыруды білу, сапа бақылауды жүргізу процедураларды, құжаттарды жүргізуді біледі, қауіпсіздік техникасы қағидаларын білу
6-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі тұқым тазарту көлігінің машинистінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Жұмыс үдерісінің жобалауы кіретін орындалу қызметін білу, бекітілген нормалардан ауытқу болған жағдайда кәсіби қызметінің үдерісін жақсарту үшін идеялар ұсынады Жоба мен жұмысты салыстыруы, жобаланған нәтиже және алынған нәтиженің сапа нормаларымен сәйкес болуын қамтамасыз етуі мүмкін
Еңбек қызметінде қолданылатын
құралдарды және құрал-жабдықтарды, материалдарды қолдану, техникалық қызмет көрсету, орын алмастыру, сақтау және қоймаға қою
негізгі қағидаларын білу
2-1) Басшылықпен еңбек қатынастарын орнатады және оған есептік деректерді ұсынады,
белгілі бір тапсырмаларды орындау кезінде өз денсаулығы және қауіпсіздігі, өзгелердің денсаулығы және қауіпсіздігі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты Практикалық міндеттерді орындауды, тұқымдарды түсіру және тасымалдау бойынша дағдыларды білу, қарапайым өндірістік жағдайларда әрекеттерді өзіндік бағалау, өзіндік анықтау, өзіндік ұйымдастыру және түзету дағдыларын көрсетеді Заттарды түрлендіру технологиясын, еңбекті жоспарлауды және ұйымдастыруды білу, сапа бақылауды жүргізу процедураларды, құжаттарды жүргізуді біледі
3-1) Жүктелген міндеттерді орындау бойынша шешімдерді қабылдайды және тиісті дәрежеде жауап береді Белгілі бір міндеттер шеңберінде жұмыстың нәтижесі мен сапасына жауапкершілік, техника жұмысының сенімділігіне қойылатын жоғары талаптар Қауіпсіздік техникасы қағидаларын білу
Ауыл шаруашылығындағы механикаландыру бойынша қызметтегі кәсіби стандартының 3-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)
Базалық топ 6111Тұқым өңдеу көлігінің машинисті
Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)
Шығарылым, БТБА тарауы 64-шығарылым, Өсімдік, су және орман шаруашылығындағы жұмыстарды жалпы механикаландыру
БТБА бойыншакәсібі Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті
СБШ біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар
3 3-5
4 6
2-кесте.
Тұқым өңдеу көлігінің машинистінің еңбек шарттарына,
біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, машина-тракторлық станциясы
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Жоқ
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі
3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту) Талап етілмейді
4 Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе 3-деңгейдегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
3-кесте. Тұқым өңдеу көлігінің машинисті орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функ-цияларының шифры Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)
1 Нақты өлшеу сепкіштерінде қолданылатын, өңдеу машиналарында тұқымдарды өңдеу үдерісін жүргізеді; тұқымды өңдеу үдерісіне органолептикалық бақылауды жүргізеді
2 Тұқымды бункерден машинаның сүріп тазартатын барабанына бірқалыпты және уақтылы беруін қамтамасыз етеді; машиналардың орнатылған жұмыс режимін ұстанады
3 Торлар іріктеуді және алмастыруды жүзеге асырады, өңдеу тораптарының саңылауларын реттейді; құрал-жабдықтардың жұмысында орын алған шағын ақауларды жояды; құрал-жабдықтарды тазартады және майлайды; құрал-жабдықтарды жөндеуге қатысады
4-кесте. Тұқым өңдеу көлігінің машинисті орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функция-ларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер
(еңбек іс-әрекеттері)
1 Тұқымдар Тұқым өңдеу машиналары, бункер, машинаның сүріп тазартатын барабаны 1-1)Тұқымды өңдеу үдерісін жүргізу және бақылау, тұқымды бірқалыпты және уақтылы беруді қамтамасыз ету
2 Торлар және планкалы билдер, өңдеу торабы Қол еңбегі 2-1) Торлар мен планкалы билдерді іріктеуді және алмастыруды жүзеге асырады, өңдеу торабы саңылауларын реттеу, өңдеу режимінен ауытқу себептерін анықтау және жою
3 Торлар және планкалы билдер, өңдеу торабы Қол еңбегі 3-1) Торлар мен планкалы билдерді іріктеуді және алмастыруды жүзеге асырады, өңдеу тораптарының саңылауларын реттейді, өңдеу режимінен ауытқу себептерін анықтайды және жояды
5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі тұқым өңдеу көлігінің машинистінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Функционалдық міндеттемелері шеңберінде қажетті қорларды, бекітілген нәтижелерге өз бетінше қол жеткізуге арналған уақытты анықтау және бағалау жауапкершілігі Практикалық міндеттерді орындай білу, тұқымдардың барлық түрлерін өңдеу бойынша дағдылары Тұқымға және өңдеу сапасына қойылатын талаптар; өңдеу машиналарын және онымен байланысқан жабдықтарды реттеу құрылғысы және ережелері; технологиялық жабдықтардың әрекет ету қағидалары; тұқымның түрлеріне байланысты өңдеу режиміне қойылатын талаптар
2-1) Атқарушылық қызметті түсіну, тұқымның біркелкі түсуін қамтамасыз ету Стандартты және қарапайым біртектес міндеттерді орындау білігі, тұқымның біркелкі түсуін қамтамасыз ету дағдысы Тәжірибеге бағытталған кәсіби білім
3-1) Құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша функционалдық міндеттер шеңберіндегі жауапкершілік Білім мен практикалық тәжірибе негізінде іс-әрекет жасау әдістерін таңдау, алынған нәтижені ескере отырып қызметті түзету Өңдеу режимдеріне қойылатын талаптар; қарапайым және күрделілігі орташа бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолдану шарттары; қауіпсіздік техникасы қағидалары
6-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі тұқым өңдеу көлігінің машинистінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Функционалдық міндеттемелері шеңберінде қажетті қорларды, бекітілген нәтижелерге өз бетінше қол жеткізуге арналған уақытты анықтау және бағалау жауапкершілігі Практикалық міндеттерді орындай білу, тұқымдардың барлық түрлерін өңдеу бойынша дағдылары Тұқымға және өңдеу сапасына қойылатын талаптар; өңдеу машиналарын және онымен байланысқан жабдықтарды реттеу құрылғысы және ережелері; технологиялық жабдықтардың әрекет ету қағидалары; тұқымның түрлеріне байланысты өңдеу режиміне қойылатын талаптар
2-1) Атқарушылық қызметті түсіну, тұқымның біркелкі түсуін қамтамасыз ету Стандартты және қарапайым біртектес міндеттерді орындау білігі, тұқымның біркелкі түсуін қамтамасыз ету дағдысы Тәжірибеге бағытталған кәсіби білім
3-1) Құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша функционалдық міндеттер шеңберіндегі жауапкершілік Білім мен практикалық тәжірибе негізінде іс-әрекет жасау әдістерін таңдау, алынған нәтижені ескере отырып қызметті түзету Өңдеу режимдеріне қойылатын талаптар; қарапайым және күрделілігі орташа бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолдану шарттары
3-2) Қызметкерлерді дамыту мақсатында нұсқаулықтарды беру немесе жұмысты атқару әдісін көрсету.
Жұмыстағы өзгерістерге тез бейімделеді Құрал-жабдықтың аспаптарының, тораптарының және тетіктерінің сызбалары бойынша құрастыру дағдысы Қауіпсіздік техникасы қағидалары
Ауыл шаруашылығындағы механикаландыру бойынша қызметтегі кәсіби стандартының 4-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысыы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ)
Базалық топ 8281Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь
Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА)
Шығарылым, БТБА тарауы 2-шығарылым, 9-тарау: Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары
БТБА бойынша кәсібі Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь
СБШ біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар
1 1
2 2
3 3-5
4 6
2-кесте. Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, машина-тракторлық станциясы, машина ауласы
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Жоқ
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі
1 Практикалық тәжірибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқу (нұсқаулық) және/немесе бастауыш білімнен төмен емес негізгі орта білімі болған жағдайда қысқа мерзімді курстар Талап етілмейді
2 Жалпы, орта, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған кезде практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындық (білім ұйымы базасында қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Талап етілмейді
3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту) 2-деңгейде кем дегенде 1 жыл
4 Жоғарғы деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе 3-деңгейдегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
3-кесте. Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарі орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функ-цияларының шифры Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)
1 Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторлардың қарапайым торабын бөлшектейді, ішкі және сыртқы шектерін егейді, бөлшектерді тазартады, жоғары білікті слесарьдың басшылығымен қарапайым машиналарды жөндеуге қатысады
2 Ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндарды және тракторларды бөлшектейді, оларды жөндеуге дайындайды, ауыл шаруашылығы машиналары, комбайндар және тракторлардың жекелеген бөліктері мен бөлшектерін алмастыру арқылы, қарапайым байланыстырушылары мен тораптарын жөндейді, құрастырады
3 Ауыл шаруашылығы машиналары, комбайндар және тракторлардың жекелеген бөліктері мен бөлшектерін алмастыру арқылы, орташа күрделі тораптар мен агрегаттарды жөндейді, құрастырады, күрделі ауыл шаруашылығы көліктері мен комбайндарын, сондай-ақ электр жабдықтары агрегаттарын, аспаптарды құрастырады және техникалық талаптарға сәйкес тапсырады
4 Ауыл шаруашылығы көліктері, жабдықтары, комбайндар және тракторлардың қарапайым және күрделі механизмдері мен тораптарын стендтерде және жекелеген тасымалды, жылжымалы механикалық, пневматикалық, гидравликалық және электр өлшеуіш аспаптарының көмегімен технологияға сәйкес зерттейді
4-кесте. Ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарі орындайтын
КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функ-цияларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер
(еңбек іс-әрекеттері)
1 Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторлары тораптары Бөлшектеулі тортаптардың сызбалары, көтергіш көлік құралдары 1-1) Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторлардың қарапайым тораптарын бөлшектеу
2 Ауыл шаруашылығы көліктері, комбайндары және тракторлары Ауыл шаруашылығы көліктерінің сызбалары, көтергіш көлік құралдары 2-1) Ауыл шаруашылығы көліктері, комбайндар және тракторларды бөлшектеу, жөндеуге дайындау
3 Күрделі және аса күрделі көліктер, ауыл шаруашылығы көліктері, комбайндары және тракторларының күрделі агрегаттары мен тораптары Күрделі көліктерді жөндеуге арналған құрал-саймандар, көтергіш көлік құралдары, тракторларды жинауға арналған аспаптар 3-1) Жоғары білікті слесардың басшылық етуімен күрделі және аса күрделі көліктерді жөндейді
3-2) Ауыл шаруашылығы көліктері, комбайндар және тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынақтан өткізу
4 Ауыл шаруашылығы көліктері, жабдықтар, комбайндар және тракторлардың күрделі және аса күрделі механизмдері мен тораптары Стендтер, жекелеген ауыспалы және жылжымалы механикалық, пневматикалық, гидравликалық және электр өлшеуіш аспаптар 4-1) Ауыл шаруашылығы көліктердің күрделі және аса күрделі механизмдері мен тораптарын зерттеу
4-2) Күрделі жабдықтарды, комбайндар және тракторларды зерттеу
5-кесте. СБШ біліктіліктің 1-деңгейлі ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Ережелер мен нормалардың сақталуына жеке жауапкершілік Стандарттық практикалық міндеттердің орындалуы Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларының қарапайым тораптарын бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындаудың негізгі әдістері
2-1) Тапсырма орындалуының қажеттілігін түсіну Базалық дағдылардың шектеулі көлемін қолдануы мүмкін Қарапайым слесарлық және бақылаушы-өлшеуіш құрал-саймандарды, бекіту бөлшектерін тағайындау және қолдану ережелері
6-кесте. СБШ біліктіліктің 2-деңгейлі ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
1-1) Ережелер мен нормалардың сақталуына жеке жауапкершілік Стандарттық практикалық міндеттердің орындалуы Ауыл шаруашылығы көліктері мен тракторларының қарапайым тораптарын бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындаудың негізгі әдістері
2-1) Тапсырма орындалуының қажеттілігін түсіну Базалық дағдылардың шектеулі көлемін қолдануы мүмкін Қарапайым слесарлық және бақылаушы-өлшеуіш құрал-саймандарды, бекіту бөлшектерін тағайындау және қолдану ережелері
7-кесте.
СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі ауыл шаруашылығы көліктері мен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша слесарінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер
3-1) Атқарымдық міндеттер шеңберінде жауапкершілік
Практикалық міндеттерді шешу Қызмет көрсететін ауыл шаруашылығы көліктері, жабдықтар, комбайндар және тракторлардың құрылысы; олардың негізгі тораптары мен бөлшектерінің тағайындалуы және өзара әрекеттестігі; көліктер мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және жинаудың технологиялық бірізділігі
3-2) Өз денсаулығы және қауіпсіздігі, өзгелердің денсаулығы және қауіпсіздігі үшін жауапты
Жұмыс нәтижеле